Мақала (ағылш. article; entry, clause) -
Интернет желісінде — жаңалықтар тобының (newsgroup) хабарламасы ;Мәліметтер объектілерін сипаттау формасы.[1]Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.[2]Мақала 4 түрге бөлінеді:Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;Насихаттық мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды
Жағажай жайлы шағын шығарма.
Биылғы жазғы демалысымды өте қызықты, әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Себебі мен жай ғана демалып қоймай, сонымен қатар Алакөл көлінің емдік суына шомылдым. Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде - кем болар. Оның суының ағзама оң әсер тигізгенін байқадым. Көл суы көптеген ауруларға ем екен. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалатын көрінеді.
Суға түсіп жағажайға шыққанда, көңілім өсіп, қанағат тапты. Толқындарды тамашалап, жағажайда серуендеудің өзі бір керемет әсер сыйлайды екен. Толқын арқылы теңізден шыққан майда тастар мен ұлутастарды жинап, өзімнің коллекциям пайда болды десем де болады.
Жағажайда демалып, серуендеудің өзі психологиялық тұрғыдан денсаулыққа да пайдалы екен. Теңіз немесе көлжағасындағы демалыстың адамға жағымды әсер етуінің бірқатар факторлары бар екен. Олар: толқындардың сиқырлы шуы, теңіз бризі мен су түсінің миға гипнозды әсер етуі.
Әсіресе, осы демалыс кезінде жағажайда аяқ – киімсіз, жалаң аяқ серуендеген аса қатты ұнады. Тіпті, осы серуендеудің өзі адамға пайдалы көрінеді. Естуім бойынша көл суынан нәр алған табандағы биологиялық белсенді нүктелер ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады.
Келер жылы отбасымызбен тағы да жағажайда демалсақ деп армандап да қойдым.