Құлынның туған күнінде.
Менің атам мен әжемнің ауылында көптеген үй жануарлары бар.Солардың ішінде бір көргеннен жақсы көріп кеткен жануарым - Cұңқар есімді құлыным болды.Міне,оны туылғаннан бері бағып,өсіріп келе жатқаныма көп уақыт болыпты.Бұл бүгін Сұңқардың бір жасқа толғандығын білдіреді.Қарап тұрсам,құлыным әсем боп өсіпті. Отбасыммен ақылдасып бұл күнді атап өтуге келістік.Үй іші қызу дайындықта.Анам ертеден дәмді тағамдарын дайындау үстінде болды.Ал атам мен әкем құлыным өскен соң мінуге арналған кішкентай ертұрман дайындап жатты.Мен күні бойы ауылдағы жалғыз үлкен базарды аралаумен болдым.Неге дейсіздер ғой?Ата-анам аздап берген ақшаларды жинап жүрген болатынмын.Енді сол қаржыға құлынымның жалын,кекілін тарайтын әдемі әрі ыңғайлы тарақ алмақшы болдым.Түске қарай іздегенімді тапқанымда қалай қуандым десеңізші.Үйге келсем,анам сәкі үстіне дастархан жайып қойыпты.Құлынды жақын жерге байлап,алма,қант секілді тәтті тамақтар мен өз сыйлықтарымызды сыйладық.Біз ғана емес,оның туған күніне алыстан келген достары бота гүл шоғын сыйласа,бұзау құлынның сүйікті жемісі,алма толы себет сыйлады.Ол қуанғандай ойнақшып,секіре жөнелді.Міне,осылайша құлынымның алғашқы туған күнін атап өттік.
«Алтын адам» — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. [1]Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.[2] Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[3] Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.