Дербестік — жеке адамның қайталанбайтын, өзіндік болмысы, өзінің субъектісі түрінде оның мақсаты мен мән-мағынасы болатын іс-қимылы. Сыртқы мақсатқа қанықгьшық пен сыртқы қажеттілікке бағындырылған іс-әрекетке (жатсыну жүйесіндегі қызмет, сондай-ақ материалдық өндіріс саласындағы еңбек) кдрсы қойьшады. Маркс адамның әлеуметтік жағынан азаттық алуын оның қандай да болсын іс-әрекетін шын мәніндегі дербестікке бағыттауымен байланыстырды. Алайда бүл әрекет табиғатқа жауапкершілікпен қарау қажетгілігінен адамды шет қалдырмайды, адам іс-әрекетінің мүдделері оған қайшы келмеуі керек.[1]
Ежелгі дәуірдегі қазақ халқының мәдени мұраларының бір түрі – халық ауыз әдебиеті. Жалпы алғанда қай елдің болмасын көркем әдебиеті-халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ал біздің халқымыздың тіл байлығы өте жоғары сатыда болғандықтан, ауыз әдебиеті жақсы деңгейде дамыған.
Қазақ тілінің аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері, ертегілері және т.б. атам заманнан бері келе жатқан ауыз әдебиеті болып табылады. Менің әр уақыт сайын таң қалатыным – соншама ғасырларды бастан кешіріп, неше түрлі өзгеріске ұшыраса да, түпкі мағынасы, тәрбиелілік мәні өзгермей, бүгінгі күнге дейін сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мирасымыз, қазынамыз болып келеді.
“Халық ауыз әдебиетінің бізге тигізер пайдасы қандай?”-десеңіз: оның ең басты құндылығы – халықтың салт-дәстүрін, өмір салтын сақтап, сипаттап, оны келесі ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізу.Сонымен қатар біз көркем әдебиетті оқи тұра сөз байлығымыз ұлғаяды, патроиоттық сезіміміз оянып, рухани байимыз. Біздің ішкі жан-дүниеміз ләззаттанып, өте құнды “азық” алады. Сана-сезіміміз ұшталып, өзіміз үшін өте қажетті тақырыптарды танимыз, біз үшін жаңа авторлармен танысып, көптеген ақпарат аламыз. Халық ауыз әдебиетінің әр саласы адамға өзіндік тәрбиелілік мән-мағынасын ұғындырады.