-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Көршінің ауласына кіре бергенім сол еді, ит арс ете қалды.
Түнімен жаңбыр тырс – тырс етіп, терезені ұрып шықты.
Сөйлей бергенім сол еді, Әсет мырс етіп күлді.
Сабаққа үш – төрт оқушы ауырып келіп, сабақ бойы күрс – күрс жөтелумен болды.
Алыстан найзағай жарқ етіп, күн күркірей түсті.
Мәди суға күмп беріп, көзге көрінбей кетті.
Кенеттен болған дыбыстан селк ете қалдым.
Турап жатқан қиярым жерге салп етіп түсіп кетті.
Қоңыр салқын желден өсімдіктер желп - желп етіп тұр.