alexfeels555
20.02.2020 08:24

Б. Жабық тест тапсырмаларын орындаңдар . 1. 1948 жылы 14 мамырда Ұлыбритания Палестинадан өз әскер лерін алып кетісімен , еврейлер Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялап , келесі күні Араб - Израиль соғысы басталады . Құрмалас сөйлемнің түрі , мағыналық қатынастары ( 2 дұрыс жа . уабы бар ) :
а ) көпқұрамды салалас құрмалас сөйлем
ә ) көпбағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем ;
б ) аралас құрмалас сөйлем ;
в ) мезгіл және мезгіл мәнді қатынас ;
г ) мезгіл және себеп мәнді қатынас .
2. Алғашында әскери қимылдар кезек сәттілікпен өтті : бірде Израиль әскері жеңсе , бірде араб әскері біраз жерді жаулап отырды . Құрмалас сөйлемнің түрі , мағыналық қатынастары ( 2 дұрыс жа уабы бар ) :
а ) аралас құрмалас сөйлем ;
ә ) көпқұрамды салалас құрмалас сөйлем ;
б ) көпбағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем ;
в ) түсіндірмелі және мезгіл мәнді қатынас ;
г ) түсіндірмелі және кезектес мәнді қатынас .
3. Көпқұрамды құрмалас сөйлем ( әр сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап , пікіріңді дәлелде ) :
а ) Малала Юсуфзай 2013 жылы Ақ үйде Барак Обаманың қабыл дауында болды , БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйледі , ал 2014 жылы Нобель сыйлығымен марапатталды .
ә ) 2013 жылы Малала Юсуфзайды Ақ үйде Барак Обама қабыл дады , БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйледі .
б ) Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай 2013 жылы Ақ үйде Президенттің қабылдауында болып , БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйлеген .
в ) Малаланы Ақ үй Президенті 2013 жылы қабылдайды , оқушы қыз БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйлейді , оған 2014 жылы Нобель сыйлығы беріледі .
г ) АҚШ Президентінің қабылдауында болған Малала БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйлейді , бір жылдан кейін Нобель сыйлығын иеленеді .
4. Күрделі пікірді жеткізіп тұрған жай сөйлем ( әр сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап , пікіріңді дәлелде ) :
а ) Джамму мен Кашмир Үндістан , Пәкістан және Қытай шегаралары түйіскен аумақта орналасқан штат , тұрғындарының 90 пайызы мұсылмандар , штаттың өз туы және Конституциясы бар .
ә ) Джамму мен Кашмир тұрғындарының 90 пайызы мұсылмандар , орналасқан жері Үндістан , Пәкістан және Қытай шегаралары түйіскен аумақ , өз туы мен Конституциясы бар .
б ) Үндістан , Пәкістан , Қытай шегаралары түйіскен жердегі Джамму мен Кашмир тұрғындарының 90 пайызы мұсылмандар , өз туы және Конституциясы бар .
в ) Үндістан , Пәкістан , Қытай шегаралары түйіскен аумақта орналасқан , өз туы және Конституциясы бар Джамму мен Кашмир тұрғындарының 90 пайызы мұсылмандар .
г ) Өз туы мен Конституциясы бар Джамму мен Кашмир тұрғын дарының 90 пайызы мұсылмандар , орналасқан жері Үндістан , Пәкістан , Қытай шегаралары түйіскен аумақ .
5. Бірыңғай мағыналық қатынастағы көпқұрамды құрмалас сөйлем ( мағыналық қатынастарды атап көрсет ) :
а ) Альфред Нобель 1868 жылы динамитке патент алады да , ди намит шығарудан үлкен байлыққа кенеліп , оны журналистер « ди намит патшасы » деп атайды .
ә ) Нобель алдымен динамитке патент алады , содан кейін динамит шығару арқылы байлыққа кенеледі де , журналистер оны « динамит патшасы » деп атайды .
б ) Нобельге 1868 жылы динамитке патент берілгендіктен , ол ди намит шығарып байлыққа кенеледі де , оны журналистер « динамит патшасы » деп атайды .
в ) Динамитке патент алған Нобель оны жасап шығару арқылы байлыққа кенеледі де , « динамит патшасы » деп аталады .
г ) « Динамит патшасы » атанған Нобель бұл атаққа динамитке патент алып , үлкен байлыққа кенелу арқылы ие болған .
6. Әрыңғай мағыналық қатынастағы көпқұрамды құрмалас сөй лем ( мағыналық қатынастарды атап көрсет ) :
а ) Қоңырау соғылған соң , оқушылар сыныпқа кірді де , мұғалім сабақты бастап кетті .
ә ) Мұғалім жаңа сабақты түсіндірді , оқушылар сұрақ қойып , жаңа сабақ қорытындыланды .
б ) Үй тапсырмасы беріліп , оқушылар күнделігіне белгілеп , сабақ аяқталды .
в ) Ата - анасы жұмыстан келіп , балалары мектептен келіп , бәрі кешкі дастарқан басына жиналды .
г ) Бәріміз ас ішіп болған соң , мен анама көмектескеннен кейін , інім екеуміз ойынға асықтық .

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
amid2003
09.04.2022 13:35
Және техника20 ғ.  ғылыми-техникалық  революция  ғасыры деп аталады. өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар. біріншіден,  ғылыммен техника үлкен қарқынмен келеді. екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар игілігіне айналып, жедел түрде  өнеркәсіп  пен тұрмысқа енгізіліп отыр. техниканың қарышты   ң  қосқан үлесі орасан зор. сондықтан да  техниканың негізі - пікір берік қалыптасқан. қ білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.
0,0(0 оценок)
Ответ:

«Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші бөлімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарық көрді. Ә. Диваев жинаған Ж. Басығарин нұсқасы X. Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте, Н. Төреқұловтың алғы сөзімен 1924 ж. Мәскеуде жарияланды. Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. Е. Ысмайылов пен Қ. Бекхожин Кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, Нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж. өздері құрастырған «Батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді. Жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж. нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж. ҚР ҰҒА фольклор экспедициясының торғайлық Қашқынбай Қараевтан жазып алған нұсқа. Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды. Тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді. Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі мұра атаулыға қарсы саясаты бұл бағалы тарихи жырды жарты ғасыр уақытқа дейін жылы жауып қоюға мәжбүр етті де, еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты «Кенесары-Наурызбай» жыры да халқымен қайта кауышты. Нысанбай ақыннын бұл жыры «Хан кене» жинағы (1993) мен «Қазақ халык әдебиеті» көп томдығының Кенесары-Наурызбай көтерілісіне арналған тарихи жырлар топтастырылған 17-томына (1996) енгізілді. Әуезовтін, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихымен терең таныс болғандығын 1924-25 жылдары жазылып, 1927 ж. баспадан шыққан «Әдебиет тарихы» оқулығында «Кенесары-Наурызбайдың» қысқаша әңгімесі» және «Кенесары жырының мәнісі» атты тараушалар жазып, алғашында жырдың оқиғалық ағымын, сюжеттік құрылымын зерттеп, екіншісінде жырды көркемдік тұрғыдан терең талдағанынан көреміз. Әуезовтің тағдыры қиын болған шығармаларының бірі - «Хан Кене» пьесасы. Пьесаны да Әуезовтің «Кенесары-Наурызбай» жырындағыдай ұлт-азаттық қозғалыстың соңына, қырғызбен болған соғысқа арнаған. Окулықта жырдың фабуласына, сюжетіне шолу жасалып, мазмұны айтылған. Әуезов мұнда суреттелген оқиғаларға қатысты өзінің көз- қарасын сездіре отырып, Нысанбай жыраудың ұлт-азаттық көтерілісінің жыршысы ретіндегі акындық, адамдық бейнесіне де баға береді, өз ойын білдіріп отырады. Жырдың көркемдік ерекшеліктеріне катысты терен ойлар айткан. Жалпы тарихи жырлар туралы, оның ішінде Нысанбай жыраудың шығармашылығы туралы кейінгі жылдардағы зерттеушілердің «Кенесары-Наурызбай» жырына қатысты ойлары Әуезов ойларымен толықтай үндеседі. Әуезовтің 1924-25 жылдары айтқан «Кенесарының қайғы-екінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота