Қазақ ғарышкерлері.
Қазақтанстан ғарышкерлерінің үш өкілі -Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев,Айдын Айымбетов.Қазақтаннан шыққан тұңғыш ғарышкер-Тоқтар Әубәкіров 1946жылы 27шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген.1991жылы 2қазанда "Союз ТМ-13"ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа ұшқан."Кеңес одағының батыры","Халық қаһарманы",авиация генерал-мойоры.Талғат Мұсабаев'-2-'ші ғарышкер.1951жылы 7қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.Т.Мұсабаев-1-ші рет 1994жылы ұшып,ғарышта 126күн болған.1998жылы 2-ші рет ұшып,208 күн ғарышта болған.3-ші рет 2001жылы ұшып,ғарышта 8күн болған.Талғат Мұсабаев ғарышта 3-рет болған."Халық қаһарманы","Гиннестің үздік табыстар"кітабына енген ғарышкер,авиация генерал-лейтенанты.Айдын Айымбетов-1972жылы 27шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.А.Айымбетов- 2015жылы 2қыркүйекте СоюзТМА-18М ғарыш кемесімен ЭП-18саяхаты аясында Байқоңырдан ғарышқа ұшып,ғарышта 10күн болды."Халық қаһарманы",авиация генерал-мойоры. Қазақтан шыққан үш ғарышкердіңде есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазылды.
Спорт киімдері туралы диалог.
Алтынай: Апатай, қолыңыз бос болса, сізге бірер сұрақтарым бар еді...
Ханшайым: Айта бер, жаным. Қандай сұрақтар? Білсем, жауап берейін.
Алтынай: Сіз қанша дегенмен спорт саласында жұмыс істейсіз ғой, үй тапсырмасындағы жаттығуда маған спортшылардың киімдері туралы сұрақтарға жауап беру керек.
Ханшайым: Ондай болса, оңай екен. Сұрай бер.
Алтынай: Барлық спортшылар жаттығу барысында міндетті түрде қандай киім киеді?
Ханшайым: Спортшылар міндетті түрде спорттық шалбар мен нымша (блуза) киеді
Алтынай: Киімдер түймелі болады ма?
Ханшайым: Жоқ, көбінесе киініп – шешуге ыңғайлы болу үшін киімдер сыдырма ілгекті болады.
Алтынай: Кеңінен таралған спорттық киім түрі?
Ханшайым: Қысқа (трусы) мен майка.
Алтынай: Комбинезонды кімдер киеді?
Ханшайым: Шаңғышылар, тау шаңғышылары, трамплиннен секірушілер мен шанамен сырғанаушылар.
Алтынай: Ал коньки тебушілер қалай киінеді?
Ханшайым: Олар синтетикалық матадан тігілген қозғалысқа кедергі келтірмейтін капюшоны бар арнайы комбинезон киеді.
Алтынай: Редингот деген не және оны кімдер киеді?
Ханшайым: Ат спортына қатысушылар редингот деп аталатын арнайы пенжек киеді. Редингот дегеніміз – ілме өңірлі (однобортный) артында ойығы бар ұзын пенжек.
Алтынай: Апатай, барлық сұрақтың жауабын біледі екенсіз! Сізге көп рахмет! Сабақта «бес» алатын болдым!
Ханшайым: Оқасы жоқ, жаным. Көмектесе алғаныма қуаныштымын.