shivaco
20.06.2021 12:16

Написать эссе на казахском на тему «Менің елім»,90 слов

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dianochka471
01.04.2021 07:58

Менің елім – Қазақстан. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейінгі 9-орынды алады. Қазақстанның табиғаты әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Климаты-барынша континентальді. Қазақ жері ұлан-байтақ, таңқаларлық әдемі жер. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл - сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Елімізде мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және тағы басқа да байлықтар жеткілікті. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұр. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота