Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
-Сәлем, Айдана!
-Сәлем, Мұрат.
-Айдана саған бір сұрақ қояйын дегенмін.
-Сұрағыңды қоя бер.
-Айдана,сен Абай Құнанбаев туралы қандай мәліметтер білесің?
-Мен Абай атамыз туралы көп мәлімет білемін және өлеңдерін де сүйіп тыңдаймын.
Мен Абай Құнанбаев туралы мынандай мәліметтер естігенмін:Абайға дейінгі қазақ поэзиясы ауыз әдебиеті
дәстүрлері негізінде, жеке ақындар шығарма-
шылығы арқылы дамыды.Абаймен бірге қазақ
өміріне, өнеріне, мәдениетіне жаңа бағыт келді.
-Мен сенімен толықтай келісемін.Сонымен қоса,Өзінің ерекше қабілеті мен зейіні, зор
ықыласпен үйренуі арқасында Абай орыс тілін де
меңгеріп алды.
-Иә,Абай орыс әдебиеті мен
қазақ әдебиетінің арасына дәнекер болды.
-Әсіресе Пушкин, Лермонтов
поэзиясын терең білді.
-Дұрыс айтасың Айдана!Өзің Абай атамыз туралы көп біледі екенсің!
-Көп рахмет,сенде жақсы біледі екенсің.
-Жарайды маған кету керек,сау бол!Мәліметтеріңе рахмет.
-Жақсы сау бол!Сағанда рахмет!