1)Ақбөкен үшін жұт өте қауіпті, себебі қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады.
2)Қыстау үшін Бетпақдала шөлінен не Қарақұм, Үстіртке кетеді, не болмаса Еділ-Жайық өзенаралық оңтүстік аймақтарына кетеді.
3)Жүздеген жыл бұрын қуаң далаларды мекендеген, яки Қазақстан жерінен Қара теңізге дейінгі жерлерді мекендеген.
4)Ақбөкен жеке жүріп тіршілік ете алмайды, себебі ол қасқырды кездестіруі мүмкін.
5)Ақбөкендер саны күрт азайды, оның себебі оған адам әсер етті.
Объяснение:
4 и 5 не особо уверен что правильно, но 1, 2 и 3 точно правильные
Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.