pronikich
25.12.2021 00:31

объясните этот фрагментт??" ...Еламан әбден қас қарайғанша тұрды. Ай туған жоқ. «Ертең күн шағырмақ, ашық болар», - деді Еламан. Ертеңіне бұл тіпті ерте оянды. Түнімен тырп етпей шыққан Ақбаланың ұйқысын бұзғысы келмеді де, төсектен ақырын түсті. Үй ішінде де сыбдырсыз ақырын қозғалып, кеше жатар алдында пешке жайған киімдерін киді. Күндегі әдетпен бүгін де түннен қалған бірдеңені талғажау етті де, Ақбала екеуі «жылауық неме» деп ат қойған жаман есікті сықырлатпай ақырын ашып, сыртқа шықты.

Еламан теңізге тартты. Бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, сірә да, маңындағы кісі-қараның бар-жоғын байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір жөнінде ойлайды. Өзі жөнінде ойлайды. Өзінің теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке-шешеден ерте айрылды.

Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Қас қараймай тұрғанда, үйге тезірек жеткісі кеп еді; бірақ жалғыз кісіге ой үйір келе ме, күтпеген жерден қайын атасы есіне түсті. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге шаптырып осқырынып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам» деп хабар жіберіпті.

Бұған Ақбала қатты қуанды. Қыз дәурені қырда өткен Ақбала теңіз өңірінің тірлігіне үйрене алмады. Жаз аптап, ыстық. Маса. Сона. Балық сасыған ауа да бұған жат. Балықшы жігіттің босағасын аттаған күннен бастап сыртқа шықпай, үйге тығылып алды. Ауыл-үйдің арасында ала көз, күңкіл көбейді: «Жабайы»,- деді. «Тәкаппар», «менмен» деді.

Ақбала бәрін естіп, бәрін білсе де, иманы селт еткен жоқ. Ауылдас әйелдер айтса айтқандай менмен, тәкаппарлық па, әйтеуір қасақана әлгілерге «Ал, көр! Көріп ал!» дегендей, тәкаппар басын шалқақтата тік ұстап, аяғындағы қылмиған қазық өкше етікті аналар іші күйсін дегендей сықыр-сықыр басып алдарынан өтер еді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
нарешатор
12.07.2021 11:49
Солтүстікте Самарқанд, Бұхара және Хиуа керуен жолдарының қиылысында орналасқан Түркістан,шамамен 500 жыл бұрын пайда болды. X ғасырда - Шауғар (Shavagar), XII ғасырда - Ясы. Орта ғасырларда Яссы бекініс қала болды. XII Ғасырда ақын-ойшыл Қожа Ахмет Ясауи, онда өмір сүрген және сол қалада жерленген. Дальше идёт полнейший бред,набор слов.Поэтому я стёр. Может так: Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Түркістанға 1500 жыл. Яссауи – ортағасырлардың ерекше сәулеті болып табылады.Керемет орналасуы және әдемі мозаика суреттермен апталған қоршау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы –Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң атақты болды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
gfjew56df
29.08.2021 03:32
Астана - бас қала
Мен үшін біздің елордамыз - әлемдегі әсем де көркемдікке толы жас қала. Тарихи деректерге сүйенсек 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары. 
Астананың көрікті жерлерімен барлық халқымыз таныс деуге де болады, ол бәрімізге танымал - "Астана-Бәйтерек" манументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Сулы-жасыл жолжелек, Ақ Орда, ҚР бірінші  Президентінің мұражайы, «Думан» ойын-сауық кешені, "Хан шатыр", "Мега", "Сарыарқа" және т.б. сауда-ойын-сауық орталықтары.  
Бұл аз да болса ел жетістігі, алда Астананы әлі де үлкен белестер күтуде. Солардың бірі - EXPO 2017
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота