Иa411
13.09.2021 01:33

1. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз A) к, қ, п, с B) х, р, м, т C) ж, б, з, ң D) л, ғ, у, д E) ц, ч, Һ, н
2. «Сегізге он бес минут қалды» уақытты тап.
A) 08.15 B) 07.45 C) 07.15 D) 08.45 E) 09.15
3. «Свободное время » сөзінің аудармасын табыңыз.
A) құрдас B) құрбы C) бос уақыт D) адал дос E) бос күн
4. Абай Құнанбаев кім? .
A) бапкер B) жауынгер C) ақын D) әнші E) суретші
5. «Данияр» сөзінде неше буын?
A) 3 B) 4 C) 5 D) 2 E) 6
6. Біз отыр...
A)-мыз B) -сыңдар C) -сыздар D) -мын E) -сың
7. « Экология» тақырыпқа қатысты сөз тіркесі.
A) ән салмақ. B) ұзақ қарап отырды. C) апатты аймақ. D) жақсы түсіндіңіз бе?
E) біз тыңдадық.
8. «Читатель» сөзінің аудармасын табыңыз.
A) оқытушы B) оқу C) оқырман D) оқушы E) жабдықтау
9. Заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөз табы
А) зат есім В) етістік С) сын есім D) сан есім Е) есімдік
10. Тараз қаласының бойтұмары.
A) Отырар кітапханасы B) Отырар қаласы C) Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу D) Жібек Жолы E) Қарахан мен Айша бибі күмбездері
11. Жақсылық Үшкемпіров кім?.
А) олимпиада жеңімпазы, құсбегі В) олимпиада жеңімпазы, атлет С) олимпиада жеңімпазы, балуан D) олимпиада жеңімпазы, футболшы Е) олимпиада жеңімпазы, боксшы
12. Жақсылық Үшкемпіров қай жылы дүниеге келген.
А) 1951 жылы 6 мамырда В) 1951 жылы 9 мамырда С) 1951 жылы 25 мамырда D) 1955 жылы 6 мамырда Е) 1956 жылы 9 мамырда
13. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !
А) қайтар В) қорға С) өткіз D) апат Е) күрес
14. «Жігіт сыны» , «Қыз сипаты» өлеңдерінің авторы.
А) Абай Құнанбаев В) Мұхатр Әуезов С) Мұқағали Мақатаев
Д) Шоқа Уалиханов Е) Ақан Сері Қорамсаұлы
15. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
А) Езулік. В) Қысаң. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Ашық.

Оқылым
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Қолғанат

Аслан шаруаға ұқыпты. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайды. Ағайынды бесеуіміз. Аслан бәрімізден үлкен. Ол күнде бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Аслан әуелі кішкентай қарандасымызды жуындырады да, шашын тарап, өріп береді. Содан соң бәрімізге шай қайнатып береді. Бәрімізді мектепке шығарып салады.
Анам оған: «Менің қолғанатым!» - дейді.

16.Бір үйде неше ағайынды бар?
A) бесеу
B)алтау
C) үшеу
D) төртеу
E) екеу

17. Мәтінде қандай синоним бар?
А) қолғанат, көмектесу
В) жуындыру, өру
С) көмек, жұмыс
D) қарындас, ағайын
Е) ояну, шығарып салу

18. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
А) қамқор болу, көмектесу
В) адал болу, ренжітпеу
С) тазалықты сақтау, шашын өру
D) ерте ояту, шай қайнату
Е) шай қайнату, жуындыру

19. Әуелі кімді жуындырады?
А) қарындасын
В) кішкентай қарындасын
С) інісін
D) кенже інісін
Е) сіңлісін

20. Аслан қандай
А) ұқыпты, тап-тұйнақтай таза
В) қамқор, әділетсіз
С) кішіпейіл, адал
D) сыпайы, өтірікші
Е) атақты, ұқыпты

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
danilkudo423
17.09.2020 17:49

Мен Жазда ауылға Атамен Әжеме барамын . Менің ауылым кішкентай болғанымен, өз ерекшелігі бар. Екі өзеннің ортасына орналасқан, шағын ауыл болса да, маған сондай-ыстық. Ешбір қалаларға теңгермеймін.Өзенінде балығы тайдай тулаған, шұрқырап жылқы суға құлаған, қозы – лағы маңырап шулатқан ауылдың тыныс тіршілігінің өзі бір ғанибет емес пе? Жазда балалар өзенге суға түсіп, балық аулап демалыстарын қызықты өткізеді.Қой бағуға барған кездегі табиғатты айтсаңшы. Айтып тауыса алмайсың. Ауасы қандай! Жұта бергің келеді, жұта бергің. Ал қыста бұзау жегіп, өзенге суға барудың өзі - қандай тамаша! Екі бетіміз алмадай қызарып, бір –бірімізбен қар атысып, сырғанақ теуіп мәре –сәре болып қаламыз. Қыс қызығын тауысып айта алмайсың ғой. Қаладан бұның бірін көрмейді

0,0(0 оценок)
Ответ:
Лущік
03.06.2023 17:37

Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді.

Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр.

Мен Шырайлы Шымқаламды шын жүрекпен сүйемін! 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота