mekhronaismatov
25.02.2020 15:19

нада Жазылым
Төменде берілген мәтінді оқып, оның мазмұны мен көтерілген басты мәселесін, мәтіннің толық нұсқасын оқуға мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыратындай ғылыми-ақпараттық стильде аннотация жазыңыз.
Аннотация жазуда келесі клишелерді қолданыңыз:
мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты...

Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған.
Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелігінде көрсеткен.
Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп аталған.
Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба ескерткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.
Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінін көбісі біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латынның «арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
fox590
08.04.2021 13:21

Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңт. шетінде биікт. 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңт. және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, А. а-ның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология т. б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемл. өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ruslankalita746rusan
22.04.2023 02:54
Тіл - адам қарым-қатынасындағы ең маңызды құбылыс, халықтың жаны, оның мәдениетінің негізі, адамдарды байланыстыратын, тірек және тәрбие беру құралы болып табылады.
Бүгінгі күні, мемлекеттік тілді үйрену қоғамның табысты дамуы үшін қажетті фактор болып табылады. Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этникалық топтарды біріктіруге және нығайтуға көмектеседі. Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ерекше көңіл бөледі.
Адамға екі нәрсе тірек тегі, ,бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тіреге де сол елдің ана тілі болмақ.
 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота