Dimasimakov
04.04.2022 17:35

А.Құнанбаев Масғұт поэмасы


А.Құнанбаев Масғұт поэмасы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
JamesBond007007007
29.01.2022 14:58
А берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні өркениетті елдерге барсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екендіктерін бірден аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрселерден қағылатындықтарын жақсы біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таң қаласыз. Сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал біздегі сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.
Қазірде көбі бос уақыт пен денсаулықтың қадірін, өкінішке орай түсінбейді дер едік. Әсіресе, уақыт мәселесіне өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. «Достым(құрбым), не істеп отырсың?» - деп телефон шалсаңыз: «Әй, жай уақыт өлтіріп отырмын», не «Теледидармен уақыт өлтіріп отырмын» - деген жауапты көп естиміз...
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,  деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.
Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп-ақ. Көп сөз, көп қыдыру да солардың қатарында. Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Осы орайда «Рахат – рахатты тәрк етуде» деген шығыстық аталы сөзінің мәніне тоқтала кеткен де орынды. Ол қазақтың «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дегенімен үндес. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек. Уақытын бекер, ойын-күлкімен дүниеқорлықтың көшіне ілесіп, бірін-бірі сыйлау, құрметтеуді ұмытып, өсектегені ананың қызметте көтерілгені, мынаның тұлпар алғаны немесе артық ақша тауып байығаны туралы желікпен өткізген жан кейін өкінішпен бармақ тістемек дейміз. Абай атамыз да өзінің қара сөздерінің бірінде: «А жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде 1 күндік өмірді бар жиған малына сатып алуға таба алмайды» - деген...
Осы алдамшы өмірде тура жолдан адаспай, бір-бірімізге серік бола білейік, мұсылман ағайын. Әріден соң өз заманымызды өзіміз қолдан жаман қылмайық!
0,0(0 оценок)
Ответ:
8603184005291
28.03.2020 16:28

Фаст фуд туралы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, бүгін сабағымыздың тақырыбы фаст фуд және оның жденсаулыққа зияны жайлы болмақ. Фаст фуд дегеніміз не? Алдымен осы сұраққа жауап беріп көрейік.

Оқушылар: Апай, фастфуд дегеніміз – жылдам даярланатын тағамдар.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Мұның себебі неде деп ойлайсыңдар?

Алдияр: Апай, мен жауап берейінші. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.

Мұғалім: Өте дұрыс айттың, Алдияр. Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Сол қандай аурулар, білесіңдер ме?

Оқушылар: Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану да зиян.

Мұғалім: Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады. Сондықтан менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота