Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады.бұл күні жер бетінің әйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде мойындатады. түрлі қ, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп жатқан нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мәдениетімен, жасампаздығымен, мықты күш- жігерлерімен әлемді мойындатып отырғандықтары ақиқат. олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда.халықаралық әйелдер мерекесінің негізін қалағандар - нью-йорктегі фабрика мен мақта- мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. олар 1857 жылы тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын.1908 жылдың 8 наурызында нью-йорктың социал-демократиялық көзқарастағы әйелдер ұйымы әйел теңдігі жөнінде ұран көтеріп, митингке шыққан-ды. оған 15 мыңнан астам әйел қатысты, олар өздеріне еркектермен бірдей жағдай жасауды талап етті. сонымен қатар, әйелдер сайлауға қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді.1909 жылы американың социалист ік партия сы әйелдер күнін жариялады. ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы копенгагенде өткен әйелдер жиынына ақш-тан делегаттар келді, олардың арасында клара цеткин де болды. ол екінші халықаралық социалист әйелдер конференциясының делегаты еді.1910 жылы беделді неміс социалист әйелі клара цеткин екінші халықаралық конференция делегаттарына әйел теңдігі туралы күрес күнін белгілеуді ұсынды. бұл копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. мұнда екінші интернациона дың 8-інші конгресі өткен болатын.бірінші халықаралық әйелдер күні германияда, австрияда, данияда, швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. көп қатысқан митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы 12 наурызда германияның, 9 наурызда австри я, чехи я, венгри я, швейцари я, голланди яның әйелдері, 2 наурызда франция мен ресейдің әйелдері бас көтерді.1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер халықаралық әйелдер күнін атап өтті. 1975 жылдан бастап бұұ-ның ұйғарымымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде.
Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер.Екі кісі ығысса, Бір кісілік орын бар.Адам сөйлескенше, Жылқы кісінескенше.Бұрынғының кісісі — Бүгінгінің кішісі.Ағаш көркі — жапырақ, Адам көркі — шүберек.Кісі аты тершіл, Кісі киімі кіршіл.Кісідегінің Кілті аспанда.Кісі қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас.Адам құлақтан азады, Қаңқудан тозады.Әлсіз адам — сүріншек, Ақылсыз адам — еріншек.Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында.Жақсы адам — елдің көркі, Жауқазын гүл — жердің көркі.Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.Көкірегі жел адам — өр кеуде, Көкірегі көр адам — жай пенде.Адамның сырты — алдамшы.Адам қайғысы — заман қайғысы.Бір адам — самал, Екі адам — амал, Үш адам — жамал, Төрт адам— қамал.Адамның құлқы түзелмей, Өмірдің құлпы түзелмейді.Желауыз адамға, сыр айтпа, Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.Асауды бас білдіретін жігіт бар. Адамды аздырмайтын үміт бар.Адамға адам жат емес.Адам ойға тоймас, Бөрі қойға тоймас.Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жер - соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады.Адам қайғысы - заман қайғысы.Адам бір-біріне қонақ. Ас – адамның арқауы.Аштық ас талғатпайды.Өзi тойса да көзi тоймайды.Сыйлап берген су да тәттi.Тату үйдiң тамағы тәттi.Ат адамның қанаты, Ас адамның қуаты.Ықыласпен берген су да ас.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.Қарны ашқан қазанға қарар.Ер азығы мен бөрi азығы жолда.Жарты құрсақ пайда, Бүтiн құрсақ қайда.Қарны ашқанға қара нан да май татыр, Шөлдегенге қара су да бал татыр.Дастарқанда наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ.Жұмыс ауыр болса да нан тәттi.Нан болса, ән де болады.Нан – тамақтың атасы.Адамдықтан үлкен ат жоқ, Наннан үлкен ас жоқ.Егінші нанын жейді, еріншек арын жейді.Жақсы еңбектенсең – ауызың нанға тиеді, Ерiнiп еңбектенсең – ауызың тасқа тиеді.Өле жегенше, бөле же.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку