ӨЗ ОЙЫМНАН ҚҰРАП ЖАЗДЫМ.
Объяснение:
ДОСТАРДЫҢ АДАЛДЫҒЫ
Әділ мен Жандос бала кездерінен дос еді. Олар күнде бірге ойнайтын, сабақтарын орындайтын, кітап оқитын және бір-бірінің құпияларын айтып, сырласатын. Оларға бәрі бір-біріне адалдығына таң қалды. Бір күні бір данышпан олардың берік достар екеніне көзі жету үшін олардан сын алады. Данышпан Әділге: Ассалаумағалейкүм балам! Мен сен Жандоспен өте жақын дос деп естідім. Бірақ Жандос маған сенің кемшілігіңді айтты. Сен жалқау екенсің! -деп айтты. Бгны естіген Әділ данышпанға сенбеді. Себебі ол досының ол туралы өтірік айтпайтынын біледі. Ол ақсақалға: Уағалейкум ассалам ата! Сөзіңіздің не рас, не өтірік екенін білмеймін. Мен білсем менің досым мен туралы бұлай ешқашан айтпайды. Мен оны жақсы білемін! Өзінен барып сұрасам қарсы болмайсыз ба?
Ақсақал: Әрине балам, айтқаның жөн. Досыңнан сұрап көр!
Данышпан одан кейін Жандосқа барып Әділдің ол туралы жаман пікір айтқанын айтады. Жандос та атаға сенбей, екі дос бір-бірінен болған жайтты сұрайды. Ол екеуі де ақсақалдың айласын біліп қояды. Ақсақал оларға сынақтан өткенін айтады.
Қазақстандық спортшылар
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.