Астана – бас қала
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
Ақкөңілдік – мінездің түрі, а ң аяулы қасиеттерінің бірі.Ақкөңіл адамның басқалармен қарым-қатынасына ізгі ниеттілік, шынайы тілектестік, ілтипаттылық пен жайдары қабақ, жарқын жүзділік тән. «Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас» деген халық нақалында бұл тамаша адамгершілік қасиетке ие кісінің мінездемесі дәл де нәзік бейнеленген.Мұндай адамдар – баршаның ісі ілгері бассын, көптің көңілі өссін, төңірек түгел болып, жұрттың жүзіне жайдарылық нұры жайылсын деп тілейді, соған өздерінің көңілі көншиді.Олар сұратпай-ақ, басқаға көмектесуге әзір тұрады, басқаны көңілдендіруге, шаттандыруға, қиындықтан құтқаруға құмар.Халық ондай адамды ақжүрек кісі деп марапаттап, құрметтейді