EzVikaEz
04.11.2021 16:08

1) Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері? 2) Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?
3) Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын жастарға қалай ықпал етеді?
Ә) Мәтіннен есімдіктің қандай түрлері кезеседі, теріп жазып көрсетіңіз, салт және сабақты етістіктерді тауып, ажыратып жазыңыз.

Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
katrinvolf
28.05.2023 17:53

Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз. Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.

Объяснение:

казак тили

0,0(0 оценок)
Ответ:
syav1979
20.06.2022 04:52

«Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға,  

тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының 

астанасына айналады» Н.Ә.Назарбаев

1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта  мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі  – Қазақстанның дамуының бір белгісі .

Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық  еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті. 

Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ.

Астана  жылдан – жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді. Астананың тәуелсіз Отанымызбен айбынды Астанамыздың  өсіп өркендеуі  әрине біздің жастардың қолында.

Егемен Қазақстан осы сөздерді естігенде менің көз алдыма алтын пырақты  елтаңбамыз, көгімізде желбіреген көк байрағымыз, құлағымызда әуелеген әнұранымыз келеді. Біз  тәуелсіз елдің болашағымыз. Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жеткістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес те шығар. Атап айтар болсақ,еліміздің қол жеткізген жетістіктерінің бірден-бірі Елордамыз Астана. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.

Қазір Астананы армандап, аңсамайтын бала жоқ. Бәрінің арманы Астанада білім алсам, көрсем дейді. Астанада ЭКСПО өткенде қаншама қазақ теледидардан көріп ақ марқайып отырды десеңізші. Сол болашақтың қаласы үшін әр қазақстандық өз үлесін қоса білуі қажет. Үлес қосу үйдегі тәрбиеден, мектептегі білімнен, оза шауып, топ жаратын сайыстардағы алғырлығыңмен білінеді. Сенің біліміңмен еңбекқорлығың Қазақ елінің мәңгілік ел болып жалғасуына септігін тигізері сөзсіз. Болашақта еліміздің табысты, жемісті болуы  оның табиғи байлығымен ғана емес, біздің  бәсекеге қабілеттілігімізбен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, ХХІ ғасырға лайықты заманауй қасиеттерге ие болуымыз керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты  әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті . Заманның талабына сай өзгеріп келе жатқан жас қаламыз Астана жарқырай берсін!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота