silchuk2004
15.12.2022 05:57

129 беттегі баға беру тапсырмасын орындау. Қазақ әдебиеті

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Тася221
21.08.2021 15:24

мында жауап

Объяснение:

адам өмірге келеді.өсірге келгеннен кейін ата анасы оған жүрүді, сөйлеуді үйретеді, сөйтіп ақырын ақырын құлап сүрніп жүріп үйренеді. өмірге келегеннен кейін қиыншықлықтар болады.сол қиыншылықты кешу керек бастан өткізіп жеңу керек. себебі бұл өмір!

кішкентай кезімізде бізге ата анамыз көпдеген нәрсе үйретті сондықтан біз ешқандай нәрсеге мән бермейміз, кейін есегенсон адам өзгереді бір нәрсеге қызығады, мінезі өзгереді бұрынғыдай. болмайды, сол сәтте біз ата анамызға ашуланып ұрсуымыз мүмкін. Қазақта бір мақал бар ата ананың қадірін балалы болғансон білесн деп біз ол кісілерді іренжітпей сыйлап әрқашан құрметтеүіміз керек мейлі қашан болсын, болмаса олар қасыңда болмаған соң өкініп қаласың. сондықтан өмірге ешқандай өкініш қалдырмау керек!

0,0(0 оценок)
Ответ:
vadimviktorov06
27.03.2023 21:02

Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

А досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.

Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

"Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,

Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.

Қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі.

Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота