KAngelAleksandrovna
27.01.2021 17:55

Жаңа сөздермен танысыңдар, сөйлемдер
құраңдар
Алдыңғы шептегі-алдыңғы қатардағы
Мәңгі есімізде өмір бойы ұмытпаймыз
Шексіз - ұшы-қиыры жоқ
Мақтан тұтарлық- мақтануға болатын​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
lika369
06.09.2022 16:20
Әр оқушы өзінің халқының, туған жерінің тарихын кең көлемде білген кезде ғана Отанына деген махаббатын, патриоттық сезімін бойына сіңіре алады. Бұл әлемде адам басынан не өткенін білу үшін тарихтың бетіне тереңнен үңілу керек деп білемін. Еліміз егемендік алғаннан бері тарихымызды терең парақтауға ден қойдық. Тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді білмесек ата-анамызды білмейтін жетім бала сияқты әркімнің жетегінде кете бермесімізге кім кепілдік бере алар еді? Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ. Біз бірде-бір соғыс өртін бастаған емеспіз. Біз бірде-бір елді жаулап, даламызға қосып алған емеспіз..., ендеше тарихымыздың жабулы жатқан кейбір беттерін ашуға, зерттеуге, белгісіз немесе айтылмай келген тарихи шындықты айтуға қорықпай сенімді түрде алға басқан жөн» Иә, тәуелсіздік туы көтерілгелі өшкеніміз жанып , өлгеніміз қайта тірілді. Жуан жұдырықтың күшімен бұрмаланған ата-баба дәстүрі қағылған қазығына қайта оралды. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел-қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз,қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келеді.Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілі мен дарыған.Ана әр адамда біреу- ақ,ендеше Отан-ана да біз үшін біреу ғана. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,ең аяулысы-анасына балайды.Өз анасын, елін сүймейтін,өз Отанын мақтан тұтпайтын адам ешқашан да үлкен азамат бола алмайды.Осының бір көрінісі ән ұранның сөзінің мазмұнында жатыр емес пе? Мен де өз Отаным- Тәуелсіз Қазақстанның ұланымын
0,0(0 оценок)
Ответ:
semchik60
22.04.2021 14:24

Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.

Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота