Бірінші сөйлем:
Менің ойымша, жақсы оқып, білім мен ғылымға аса мән беретін болсақ Қазақстанды жахандық бәсекеге яғни, алдыңғы қатарлы ел болуға көмектесеміз.
Екінші сөйлем:
Себебі мен оны байқадым, “Жахандану” дегеніміз ғаламдық, жалпы әлемдік деген мағынаны береді, Демек жахандануды дамытсақ жалпы әлемдік қатарға көтерілеміз деп түсіндіремін.
Үшінші сөйлем:
Оны мен , яғни “Жахандануды дамытып жатқан елдер, бізге өмірімізді жеңілдетін техникалар ойлап табуда, мысалы жеңіл автокөліктер, үйіміздегі кір жуғыш машина, шаңсорғыш бәрі үйге керекті заттар және біз оларды шет елдерден тасымалдаймыз, осы техникаларды шет елден тасып, олардың нарығын көтергенше, неге елімізде өндірмеске!”
Соңғы сөйлем:
Осыған байланысты мен, маған беріліп жатқан білімді бойыма сіңіріп, ғылым жолын дамытып “Қазақстанның туын көкке көтеретін азамат” боламын деген шешімге келдім.
Объяснение:
Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан. Бүгінгі көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өміріміз батыр ата-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында мыңдаған қазақтар қаза болды. Әрине бұл соғыс оңай болмады. Биыл ҰОС аяқталғанына-70 жыл толды.
Ал 1986 жылы 16-желтоқсанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаммеджанова сияқты көптеген жастар алаңға шығып, көтеріліс кезінде қыршыннан қиылды.
Тәуелсіздікті алғанымызға 2016-жыл 25 жыл толады. Осы уақыттың ішінде бізді әлем таныды. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында дүниежүзі Қазақстанды тәуелсіз ел деп мойындады.
Қазақстан - көп ұлтты ел. Қазақ - қонақжай халық. Сондықтанда біз бейбітшілікте, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Отанды сүю - әрбір қазақ азаматының міндеті. Өткенді ұмытуға болмайды. Ол - біздің тарихымыз. Отан үшін отқа түс күймейсің –деп Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған. Мен өскенде еліме пайдамды тигізіп, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.
Елім, отаным, жерім деп жүрген ағаларымыз аман болсын!