Объяснение:
Менің сүйікті қаһарманым
Әр адамның өз болмысына жақын, өзі ұнататын, бала күнінен еліктеп өсетін батыры болады. Бала күнімен халық ауыз әдебиетіне жақын болып, ертегі кітаптарды жастанып өскендіктен менің сүйікті қаһарманым тиісінше ертегі кейіпкері болды. "Ер Төстік" ертегісін оқып, ондағы Төсіктің ерекшелігіне қызығып, батылдығына тәнті болып өстім. Оның ағаларын іздеуі, қалыңдығы Кенжекей үшін күресуі ертегінің қиял әлеміне еріксіз елітіп әкететін. Ертегідегі Төстік - адал, батыл, бауырмал әрі махаббатына адал жан. Шалқұйрық атқа мінген батырдың ерекше болмысында ешкімде кездеспейтін қасиет, ешкімнен таныла бермейтін мінез бар. Оның дүниеге келуі де, өсіп ер жетуі де өзгелерден ерек. Бітімі бөлек Төстіктің бастан кешкен оқиғаларын оқып отырып өзім де сондай батыл, айтқанынан қайтпайтын адам болсам екен деп армандайтынмын. Кенжекей сұлуға осындай азаматтың бұйырғанына қуанып, іштей қызғатынмын да. Бала күннен сүйікті қаһарманым болғандықтан, өмірде де дәл сондай ер мінезді, өжет, досқа да, жарға да адал азамат кездессе екен дейтінмін. Ондай ердің отбасын ғана емес, бүтін елді қорғай алатынына, елі үшін қызмет ететініне кәміл сенетінмін. Бүгін де сол қиялдың жетегінде жүріп, Төстіктің бойына біткен мінез тек ер адамда ғана болмауы тиіс деп ойлаймын. Мінез, қасиет - бар адамға ортақ. Олай болса неге өзім де сүйікті қаһарманымдай болмасқа? Мен де Төстік сияқты бауырмал, көпшіл болып, сүйгеніме адалдық таныта аламын. Ол сияқты ата-ананы құрметтеп, оларға бақыт сыйлау міндетім. Ең бастысы, ол сияқты ақ адал болмысты, адамгершілігі жоғары адам болғым келеді. Менің сүйікті кейіпкерім маған тек жақсы жағынан үлгі болды.
Өнеркәсіптік асептика, яғни биореактор ішіне бөгде микроорганизмдердің ену мүмкіндігін жою.
2. Қоршаған ортаны қорғау, яғни ауа және су қалдықтарына, түзгіш — клеткалардың еніп кетуін болдырмау. Бұл құбылыс өте қауіпті, өйткені адам үшін микроб белогы бөтен нәрсе, сондықтан ол халық арасында аллергиялық реакциялар қоздыруы мүмкін. Өндірісте орын алатын бұл оқиғаның микроорганизмдердің қандай штамдары - патоген бе, әлде патоген емес пе, тіпті өлтірілген түрлері ме, оған ешқандай байланысы жоқ.
Сумен қамтамасыз ететін бөлімшелер алдына едәуір мәселе қойылады.
Биотехнологиялық өнеркәсіпте қоректік заттарды даярлау, жуу, бөліп алу үшін және сонымен бірге биореакторлардың режимдерін бір қалыпты дәрежеде ұстап тұру үшін көп мөлшерде су қажет. Айналымдағы судың ағыны тұйық болса да, бұнда тазалау жұмысы қарастырылып тұруы тиіс, өйткені суытатын агентке (хладоагентке) биореакторлардың конструкциялық ақаулығынан культуралдық клеткалары аз ғана мөлшерде болсада, кез - келген уақытта еніп кетуі ықтимал. Реакторлардан технологиялық суларды шығарып, тазалауда көптеген қиындықтар кездеседі. Көбінесе бұндайда активті лай (тұнба) қолданады. Бірақ болашақта су тазалайтын мембрандық технологияны өндіру және бір реактордан шығатын микроорганизмдерден тазартылған технологиялық суларды басқа реакторлардағы культураларға қоректік зат ретінде пайдалану сияқты метаболизмдерді өне-бойы айналымда болатын жабық /тұйық/ өндірістерді жасау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жаңа штамдарды табу мен оларды қолдану микробиологиялық технологияны құру бірқатар техникалық қауіпсіздіктер шараларын іске асырумен байланысты. Бұл мәселе көптеген конференцияларда айтылып жүр. Мысалы, Асиломар конференциясында /1975, ақпанында/ ДНҚ-ның рекомбинантты молекулаларымен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты принципі жасалған болатын.Адамға арналған препараттардың биологиялық активтілігі дегенді «вакцина» терапевтикалық сарысулар, токсиндер антитоксиндер және оған тым ұқсас ауруды алдын-алуға арналған өнімдер, ауруларды күту немесе өңдеу және жараларды жазу деп түсінілуі тиіс. АҚШ-та тағамдық өнімдердің, медикаменттер мен косметикалық заттардың сапасын қадағалап отыратын үш мемлекеттік ұйым бар. Олар тағамның сапасын тексеретін басқарма, АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігі және нақты ортаны қорғау агенттігі. Бұл мекемелердің жұмысы нақты анықталып шектелген.
Объяснение: