Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей, Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей орныға алмас. Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.
Олимпиада ойындары ежелгі а ң өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған.І
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку