Тасбақа мен тышқан.
Тасбақа мен тышқан келе жатты.Олар түлкіні көрді.Тышқан інге кіріп кетті.Ал тасбақа болса сасқалақтап,домаланып тасының ішіне кіріп алды.Түлкі тасбақаны байқап қалған еді.Енді түлкі тасбақаға қарай келе жатты.Келді де иіскелей бастады,тасбақа көзін тарс жұмып алды.Бір кезде тасбақа мен біттім дегенде, түлкінің айқайлаған дауысын естіді.Сөйтсе жаңағы інге тығылып қалған тышқан іннен өзінің достарын алып шығып, түлкінің құйрығын жабылып тістелеп жатыр екен.Түлкі төтеп бере алмай қашып кетті.Ал тасбақа болса достарына өз алғысын айтты.
Мен ауылда туып өстім. Мен тұрған ауыл тау етегінде орналасқан. Табиғатының әсемдігін ауызбен айтып жеткізу өте қиын. Бұл ауыл мал шаруашылығымен айналысады. Сүт, айран , қатық, қаймақ, құрт, ірмішік бәрін әжем өзі жасайды. Әжем және бие сауады, қымыз, саумал ішеміз. Бұл сүт өнімдерінің бәрі денсаулыққа өте пайдалы. Жылқы етінен қазы дайындайды. Тағамдарды айтпағанда табиғаттың өзінің адам денсаулығына пайдасы зор. Салқын, таза ауа. Тау етегінде сылдырап аққан өзен. Суға шомылып, күнге қыздырыну балалардың жаз бойғы сүйікті ісі. Мен осындай ауылда туылғаныма мақтанамын.