Алена173
19.02.2021 12:48

Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрап жаз.

Қазақ/ елімізде алды/ құшақ/ халқы/ тұрып/ жүзден/ жатқан/ астам/
өкілдерін/ қарсы/ ұлттың/ жая.
Басын/ түрлі/ ұлы/ мекен/ ұлттың өкілдерінің/ Қазақстан/ қосқан.
Қарсы/ ықыласпен/ халқы/ өкілдерін/ қазақ/ алды/ ерекше/ басқа ұлт.
Сүріп/ ынтымақтастықта/ ұлттың/ балаларындай/ қазақ/ бір/ өмір/ жерінде,
ұлан-байтақ/ барлық/ өкілдері атаның/ келеді.
Мен/ бүгінде/ ордасына/ ұлттар/ айналды/ Қазақстан/ пен/ ұлыстар/
мекендеген ынтымақ/ырысты

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
lurudzheva
17.03.2020 04:14
Денсаулык мыкты болу ушин биз дурыс тамактануымыз керек. Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.
Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.
Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.
Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.
Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.
Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды. Тамақтану[1] - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
дарья1640
09.09.2021 21:10

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны  697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. 


Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. 

 

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота