қазақтың ұлттық тағамдары . ұннан жасалатын ересек ер кісі күніне 300-400 грамға жуық, ал ауыр дене жұмысын атқарған кезде 600-800 грамға дейін нан жейді. нанда 40 пайыздан 50 пайызға дейін углевод, сондай-ақ белок пен аздаған май бар. бұл – нан күніне 600-1000 килокалория энергияны қамтамасыз етеді деген сөз. демек, тіршілік қызметіне қажетті бүкіл энергияның ¼ бөлігінен 1/3 бөлігіне дейінін наннан алады. нанның әртүрлі сорттарында 5 пайыздан 8 пайызға дейін белок бар. нанды көп жейтін болғандықтан, оның құрамындағы өсімдік белоктары ң белок жөніндегі жалпы қажетінің кемінде 20-30 пайызын қамтамасыз етеді. нан – ас атасы. ол бидай ұнынан жасалады. нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. нанды бір қолмен үзіп жемейді. қазақтар нанды қасиетті санайды. мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен шарада араластырып жасайтын тағам. ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма жеп алсаң, қарның тоқ. қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ тәрізді майға пісіреді. қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші. шелпек – айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. шелпек жеті нан, тоғыз нан болады. таба нан – тапаға салып пісіріледі. пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы.
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар та компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.">