Noltee
23.08.2022 18:37

Вставить пропущенные окончания
Как можно скорее

Сөйлемге қажетті сөз тіркестерін тауып, жаз.
Бейнебаянда ... трагедия туралы айтылады. Оқиға ... басынан өткен. Әйелі ..., жігі
араққа салынады. Оның бар тауқыметін ... көреді. Балаға ауылдастары ... .
Әкесі үйдегі дүние-мүліктің бәрін Ең соңында ол ... сатуды ойлайды. Баласы пи-
масын Бірақ әкесі оны ... ұрып, пиманы ... . Бала ... жалаңаяқ жылап жатады. Ал әкесі..
қайтып келмейді. Бала қатты ... ауырып, ауруханаға түседі. Дәрігерлер оның ... кеседі.
Әкесі арағын қойып, ұзақ уақыт ... Ол үйіне келгенде баласын Поэманың соңында
әкесі баласына ... сатып әкеледі. Бірақ баланың ол кезде ... да кесілген еді. Әкесі қатты
өкініп, Бірақ бәрі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Валерия1508
08.06.2021 19:45

Еліміздің жыл басында кү­тер ең маңызды жаңалығы – Ел­басының халыққа Жолдауы. Себебі, кез келген ел бола­ша­ғының жарқын болуын арман­дайды, атар таңға сеніммен, үлкен үмітпен қарайды. Қазіргі уақытта әлемде түрлі техногендік апаттар, катаклизмалар орын алып жатқанда халықтың жарқын болашақты, бейбіт өмір­ді аңсауы заңды құбылыс. Міне, осындай кезеңде ел бас­қарған басшының аузынан шық­қан әрбір сөзін жіті қадағалап, сараптан өткізіп отыру дағдылы әдетке айналып кеткендей. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қа­лаймыз» деп аталатын биылғы Жолдауы көңілдегі күмәнді сейілткендей, жүрекке берік сенім ұялатқандай әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты «Біз мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде ана тілімізге өтуіміз керек», деген Елбасының сөзін ел тізгінін ұстап отырғандар шын мәнінде орындаса, біздің қоғам армандап жүрген күн елес болмай, шындыққа айналар еді. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­лама­сының негізгі мақсатының бірі «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталуы тегін емес. Мемлекеттік тілді дамытып, оның коммуникативтік қызметі нығаюда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қыз­меті­нің барлық саласына қолда­ну үшін ең алдымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру қажет. Ол үшін балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру-білім жетілдіру орын­да­рын­дағы мемлекеттік тілдің оқы­тылуын жүйелеп түзіп алу керек, олардың өзара сабақтас­тығын сақтау керек. Яғни, мемлекеттік тілді оқытудың инфра­құрылымын дамыту кезек күт­тір­мейтін мәселе. Сонан кейін мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жандандыру, мемлекеттік тілді оқытатын үздік оқытушылар­дың тәжірибелерін тарату, олар­ға арнайы тіл порталдарын ашу, т.б. жұмыстар үздіксіз жүргі­зіліп отырса, жауыр болған тіл мәселесі бір арнаға түсер еді деп ойлаймыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында білім саласына ар­найы тоқталды. «Әлем мем­ле­кеттерінің рейтингісі бойынша 110 елдің арасында 50-ші орын­ға ие болдық. Сөйтіп, еліміз білім беру саласы бойынша 129 елдің арасында қуатты көш­бас­таушы елге айналды», деп ерекше атап өтті.

Объяснение: в интернете нашла , сори если не

0,0(0 оценок)
Ответ:
Учен586
05.04.2021 20:24
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.

Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.

Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:

«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.

Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.

Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.

12 Наурыз 2015 ж.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота