Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Қазақ-Жоңғар соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.
Объяснение:
Казахско-джунгарские войны — серия военных действий между Казахскими жузами и Джунгарским ханством, продлившаяся с XVII до середины XVIII века. Стратегической целью джунгар являлось увеличение территорий для кочевья путём присоединения соседних земель Казахского ханства[3]. Джунгары представляли военную опасность не только для казахов, но и для Средней и Центральной Азии, а также для Российской империи[источник не указан 1319 дней]. Впоследствии Джунгарию ослабили междоусобные войны, конец Джунгарскому ханству положила Третья ойратско-маньчжурская война (1755—1759) с китайской империей Цин.