A 1. Параллелограмның екі қабырғасы 10 см және 15 см. Қалған екі
қабырғасын табыңдар.
2. Параллелограмның бір бұрышы 30°- қа тең. Қалған бұрыштарын
табыңдар.
3. Параллелограмның диагоналі оның екі қабырғасымен 25" және 35"
бұрыштарын жасайды. Параллелограмның бұрыштарын табыңдар.
4. Параллелограмның диагональдарының қиылысу нүктесінен оның
екі төбесіне дейінгі қашықтықтар 3 см және 4 см-ге тең. Осы
нүктеден басқа екі төбесіне дейінгі қашықтықтарды табыңдар.