1.Периодтық жүйеде салыстырмалы атомдық массаларының өсу ретіне қарай орналасуы бұзылған үш жағдай бар. Соларды тауып жазыңдар. 2.Периодтық жүйені пайдаланып, қай екі элементтің салыстырмалы атомдық массаларының қатынастары: а) 2:1; ә) 3:1; б) 4:1 қатынасындай екенін табыңдар.
3.Берілген екі элементтің қайсысында металдық қасиеті басымырақ: а)бор мен алюминий; ә)литий мен берилий; б)галий мен германий; в)магний мен кальций?
4.Жоғары оксидінің формуласы Э2О7, ұшқыш сутекті қосылысының формуласы НЭ болатын, өзі 4-периодта орналасқан элементті табыңдар.
5.Периодтық жүйеден жоғары оттекті қосылысы мен сутекті қосылыстарында валенттіліктері бірдей 3-периодтың элементін табыңдар.
6.Ұшқыш сутекті қосылысының формуласы ЭН3 болатын элементтің жоғары оксидінің формуласы қандай болады?