Қазақстан халықтары - тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің кайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асырады.[1] Қазақстанда байырғы қазақ ұлты және 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады. Қазақтардың саны 2013 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 11 058 мың адам болған, яғни ел халқының 65,2%-ын құрайды. Елдегі орыс ұлтының өкілдері - 21,8%, өзбектер 3%, украиндар 1,8%, ұйғырлар 1,4%. Салыстырмалы түрде кәрістер, дүнгендер де аз емес.
дайте больше сердечки
11упр
Объяснение:
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным, мен үшін аса қымбат жер Шырайлы Шымкент! "Шымкент қаласы қазақ халқының алтын ордасы", - деп бекер айтылмаған. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттыққа толы, уайымсыз балалалық шағым өтті. Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Арман қуып, Алматы қаласына оқуға түсіп, шым қаламнан алыстап кеттім. Әрдайым өз туған жерімде болмасамда, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, әрбір бөлшегін еске түсіріп, сағынасың. Өзіңе қымбат жандардың барлығы да сол қалада.