svetlanaastahov
17.02.2021 04:38

Определите стили данных двух текстов

1 текст :
бәтеңке, шұжық, қаймақ, дүкенде тұрып ұрысты. бәтеңке шықты айғайлап: айту керек дұрысты! сен екеуің кімсіңдер, мені айтындар мүлік деп, құр мақтанып жүрсіндер, жұрт та сырттан күліп көп. ілмейсіндер, өмірге кім пайдалы, кім мықты, кәне, екеуің жеңіл де, мойындаңдар шындықты. олар ұзақ түн, і айтыс ұзап тым, бір бітімге келмеді бақта оянды әнші құс, ай да қалғып барады. шымқай тартты күн шығыс, алтын арай тарады. бәтеңке, шұжық, қаймақ, жатыр әлі айғ
2 текст
биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын алатау – табиғаты әсем қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. оның қазақ үшін орны бөлек. алатауды әнкүйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә… жер жәннаты жетісуға көрік беріп тұрған алатаудың қойнауы құтты – ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде – орман, аңғарында – шалғын. қойнауы құпияға толы алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
↓
Популярные вопросы:
Ответ:
AnnaKhusainova
18.05.2020 01:24

жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына, қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады

0,0(0 оценок)
Ответ:
Настенька192002
22.06.2020 17:04

ертеде бір шал мен кемпір болыпты. кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. оны терезенің алдына суытып қойыпты.

бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

бір кезде оған қоян жолығып:

-     бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді.

-   қоян, сен мені жеме. мен саған өлең айтып беремін: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпаймын қоян саған да! ».

содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. оған қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

бауырсақ өзінің әнін қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.



бір кезде аю жолығады:

-   бауырсақ, бауырсақ! мен сені жеймін! – дейді ол.

-   сендей майтабанға мені жеу қайда? ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме, қоян менен қасқырға ұстатпағам ендеше.

-     ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

сөйтіп домалай жөнеледі. аю тек көзімен шығарып салады.



бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған түлкі жолығады:

-   бауырсақ, бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

-   жолмен домалап барамын.

-   бауырсақ, бауырсақ, маған өлең айтып берші

-  содан бауырсақ: «менің атым бауырсақ, бауырсақ! қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. ұстатпай кеттім атама, ұстатпай кеттім әжеме. ұстатпай кеттім қоян менен қасқырға. ұстатпай кеттім аюға, ұстатпаймын саған мүлде де! » деп өлеңін айтып береді.

түлкі оған:

-  әнің өте жақсы екен. бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

бауырсақ түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. сол кезде түлкі ұстап алады.



-  түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді бауырсақ. жүр одан да біздікіне, атам мен әжеме барайық. олар сені тойғызады.

түлкі келіседі. жолшыбай өздерімен бірге қоян, қасқыр мен аюды ертіп алады. олар келсе әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. қоянға орамжапырақ салған, қасқыр мен түлкіге ет салған, аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. ал бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота