--Сен сабаққа уақытында келесің бе ?
--Мен сабаққа уақытында келемін.
--Қандай пән саған ұнайды ?
--Маған қазақ тілі пәні ұнайды.
--Неге ?
--Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілі біздің мемлекеттік тіліміз.
Сондықтан маған қазақ тілі пәні ұнайды.
--Сабақты түсінбесең не істейсің ?
--Сабақты түсінбесем мен мұғалімнен қайта түсіндіруді сұраймын.
--Үй тапсырмасын уақытында орындайсың ба ?
--Үй тапсырмасын мен уақытында орындаймын , менің күн тәртібім бар.
--Сабақта қандай бағаны жиі аласың ?
--Сабақта төрт пен бес бағаны жиі аламын.
--Сабақтан себепсіз күндерің болды ма ?
--Сабақтан себепсіз күндерім болған жоқ.
Атау септігі аю ит қоян
Ілік септігі аюдың иттің қоянның
Барыс септігі аюға итке қоянға
Табыс септігі аюды итті қоянды
Жатыс септігі аюда итте қоянда
Шығыс септігі аюдан иттен қояннан
көмектес септігі аюмен итпен қоянмен