Ғалым деп ғылыми методтар арқылы адамзат білімін жетілдіру мен молайтуға үлес қосқан адамды айтамыз. Ол жүйелі түрде фактлер мен деректерді жинайды, оларды қорыта отырып гипотеза және тексеру жүргізеді, сосын сол бойынша ғылыми эксперимент жасап және қорытындыны қайта-қайта нақтылап, жаңа әрі сенімді білімге қол жеткізеді. Демек ғалым болу ғылыммен айналысу ретінде логикалық ойлауды негіз етеді, табиғаттың және қоғамдық өмірдің, адам болмысының нақты, тұрақты заңдарын ашуды көздейді, ол соған дейінгі өз саласынан мол ақпараттық/білімдік мағлұматы болады, ол мәлім ғылыми методтарды пайдаланады, эксперимент жасайды, өлшейді, салыстырады, есептейді, анализдейді, синтездйеді, сөйтіп әр тұжырымы мен қорытындысын нақты факт пен аргументке негіздейді.
2 текст
《Қала тұрғындарының саудаға икемділігі》
- қалай ойлайсыз қазіргі қаламыз саудаға икемді ме?
- менің ойымша, иә.
- неліктен?
- бұрындары тіптен сауда жасау халық қолынан келмеді, ал қазіргі таңда ел даму үстінде, жаңаға талпыну үстінде. Бұрынғыдан үлгі алу арқылы саудаға икемделіп келе жатыр. Сол үшін саудаға икемді деген ойдамын.
- бұрынғыдан деп сөзіңізге арқау еттіңіз, бұрындары сауда қалай болды?
-жалпы, сауда ол Жібек жолынан басталды ғой, одан кейін халық саудаға, қаржы өнімдеріне икемделе бастады. Бұның өзіне көптеген жылдар, ғасырлар қажет болды.
-сауданың елге қандай пайдасы бар?
-есл үшін де, қала үшін де, халық үшін де сауданың пайдасы өте зор. Себебі сауда жақсарған сайын экономика да дами бермек.
-сонымен, қала тұрғындары саудаға икемді деген ойдасыз ғой? Және тағы да алға жылжу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
-әрине, барлығынан алда деп айта алмаймын, бірақ саудаға деген қарқындылық даму үстінде. Қаржыға деген сауаттылықты арттыру керек деген ойдамын.
-сұрақтарға жауап бергеніңіз үшін рахмет! Өте көп пайдаңызды тигіздіңіз!
-пайдамның тигеніне қуаныштымын!