Қазіргі қазақ киносының келбеті мен деңгейі қандай? деген сұраққа жауап бермес бұрын оны екі кезеңге бөлінетінің айта кеткен жөн болар. Олар: кеңестік және тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдер.
Қазіргі отандық киноөнімдерді бірнеше топқа бөлуге болады:
1. коммерциялық немесе бұқаралық кино;
2. тарихи, идеологиялық кино;
3. авторлық, фестивальдік кино.
Әрқайсысына қысқаша тоқтала кетсек, бірінші топ, яғни коммерциялық кино деген атауы ғана болмаса, Голливуд киносынан техникалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар тақырыптық тұрғыда да артта қалып келеміз. Әлі де үйренеріміз көп. Тарихи идеологиялық жанрдағы фильмдерге келер болсақ, олар көбіне мемлекет тарапынан бөлінетін ақшаға түсіріледі. Дегенмен, деңгейі төмен болып жатады. Бұл киноны түсірудегі ерекшелік - әркімге ұнай бермейтін жанрдағы киноны көрермен сүйсініп көретіндей етіп, жоғары деңгейде түсіру. Бірақ көп режиссерлер бұл талапты орындай алмай жатады. Ал суреткерлік ұстанымдарына ғана адал режиссерлер тобы түсіретін авторлық, фестивальдік кино өте жақсы деңгейде түсіріліп, тіпті халықаралық фестивальдерде аталып жататыны қуантарлық жайт.
Дегенмен, отандық режиссерлердің шетелдік кино индустриясынан үйренері әлі де көп деп есептеймін.
Әдеби тіл — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы