Қазақ отбасындағы бата беру дәстүрі.
Қазақ халқы туралы айтқанда ойымызға бірден қонақжайлық пен бата беру ұғымдары келеді.
Халқымыз ақ батаға үлкен мән берген. Бата сұрау/ бата беру дәстүрі әлі күнге дейін өз мағынасын жоғалтаған салт-дәстүрдің бірі. Дана халқымыз батаға үлкен мән бергендігін "Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер" деген мақалынан түсінуге болады.
Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілік пен имандылыққа, әдептілік пен шешендікке баулыған. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.
Әдетте жасы үлкен, елге сыйлы қариядан қол жайы, бата сұрайды. Үлкен кісілердің берген батасы қабыл болады деп сеніп, қарттардың көңілін табуға тырысады.
Қазіргі таңда ақ батаның шығу тарихы толығымен зерттелген жоқ. Жалпы батаның келесідей түрлері болады:
1. Нәрестеге бата
2. Асқа бата
3. Ұлға бата
4. Қызға бата
5. Келінге бата
6. Сапар бата
7. Жастарға бата
8. Сүндет той батасы
9. Наурыз батасы
10. Ораза айт батасы
11. Жарапазан батасы
12. Ас қайыру батасы т.б.
Абайдың өнерпаз шәкірттері.
Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында:
«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды.Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М.Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады.Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек" деп атап өткен екен.