Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары скачать бесплатно игры для мобильных телефонов бесплатно и без регистрации на свой компьютер без телефона бесплатно без и с телефона не доступен интернет без интернета на в телефон телефоне без регистрации на телефоне есть телефон сообщение от и пишет о том как работает карта памяти телефона и скачать бесплатно скачать музыку бесплатно без регистрации игры и для этого этого и нажмите на нажмите выбрать для своего телефона рабочего телефона места для в игре перезайду на вашем аукционе в или в конце можешь посмотреть на экране сайте компании на портале интернет казино на нашем портале сайте ваш можно скачать и посмотреть все правильно не благодари
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды.Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек , бөлек бір дос тапты. Онысы – әжесі. Онан қала берсе, шешесі. Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып:
– Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен...– деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда, әжесінің тізесінен ақырын қағып:
–Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... – деп, тағы да әңгімені тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы» ,
«Құламерген» бәрі де айтылып еді. Әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да айтқыза беретін болды.
Тағы бір күндер Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебектің қайғыларын да айтып беріп еді. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады. Күдері қожа, Шортанбай, Шөже жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін жатқа айтады. Екі анасын көңілдендіріп тағы әңгіме, жырлар айтқызу үшін кейде өзі қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп-Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап оқиды. Шешелеріне ұғымсыз түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Бірде Абайлардікіне екі бөгде қонақ келіп қонды: бірі– қартаң, бірі –жас қонақ. Жасын Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйде үш күндей жатып «Қозы Көрпеш –Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы еді. Ал қасындағы қартаңдау кісіні Абай білмегенімен, шешесі жақсы таниды екен. Қонақтарымен жай сұрасып, амандасып болған соң, Ұлжан Абайға қарап, жымиып:
–Ал, балам, әжең мен екеуімізді қажай беруші едің, әңгіме, жырдың дүкені, міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын,–деді.
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі – Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, тығылып, үндемей отыратын өзге үлкендердей емес, Барлас іле сөйлеп кететін ақ жарқын, ашық. Осы үйге ылғи да келіп жүрген ауыл адамы сияқты.
Үй іші тегіс қош алған соң, екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта, Абай:
– Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен?–деп, бағанадан бері өзін сүйсіндірген ақынның атын білмек еді. Әріден келе жатқан деседі-ау, балам, бұның түбін.
Ертеңіне жүруге ыңғайланған екі ақынды Абайдың тілегі бойынша Ұлжан жібермеді.
Асықпай, әлі біраз күн қонақ болып, жатып кетіңдер,– деді.
Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Осы жолы Абай әрі өзі, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Үйрене келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Бала Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйсінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап:
– Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә, не етерсің.
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң, шыңға жетерсің,– деп еді.
Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ байқаған болатын.
Объяснение:
Достаточно написать в интернете "бала Абай" и всё выйдет.
Я если честно незнаю сколько тут слов
Взяла с интернета