Ivan4554
10.10.2021 07:12

1)қатыстық сын есімді сөз тіркесін анықтаңыз. a) маңызды мәселе.  b) ақ кеме. c) қара тас. d) қызыл гүл. e) көк аспан.  2. «таптыр» сөзі етістің қай түріне жататынын анықтаңыз. a) өзгелік. b) ырықсыз. c) ешбірі. d) өздік. e) ортақ.  3. қарсылықты жалғаулық шылауы бар сөйлемді анықтаңыз. a) жанат қана ағасымен дос. b) театрға дейін автобус жүреді. c) айгүл досымен келіп кетті. d) рас, көп еңбектендім. e) бүгін күн аяз, бірақ ойнап жүр.  4. сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.  ұшақ құсша ұшты. a) толықтауыш. b) пысықтауыш. c) бастауыш. d) баяндауыш. e) анықтауыш.  5. жақсыз сөйлемдерді табыңыз. a) апам ауылға қонаққа шақырды. b) арада сүт пісірімдей уақыт өтеді. c) мінезін білетін едің ғой. d) бақыт пен гүлнар алдын ала білген еді. e) менің оны көп тыңдағым келеді.  6. сөйлемді толықтырыңыз. кенже отбасындағы ең кіші , ,  a) сол себепті қаланы айналдыра қорған салынған. b) алматыда көптеген мұражайлар бар. c) сондықтан ол қара шаңырақтың иесі болады. d) сондықтан ол туып-өскен жеріміз. e) алайда ол кешігіп келді.  7. сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. олар келгенде, сабақ аяқталыпты. a) мезгіл бағыныңқылы. b) мақсат бағыныңқылы. c) себеп бағыныңқылы. d) шартты бағыныңқылы. e) қарсылықты бағыныңқылы.  8. алматы және талдықорған өңірлерінің атауын табыңыз. a) сарыарқа. b) күріштің отаны. c) жетісу. d) жібек жолы. e) солтүстік қазақстан.  9. сөйлемде берілген фразеологиялық тіркесті синоним сөзімен ауыстырыңыз.  түнде анасы ойлап, көз ілмеді.  a) қуанды. b) ұйықтамады. c) ұйықтады. d) ренжіді. e) сағынды.  10. есептік, күрделі сан есімді табыңыз. a) сексен шықпай, тоқсан кірмейді. b) олар бір мың тоғыз жүз жиырма сегізінші жылы көшті. c) жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. d) үш-үштен бөлініп малға қарай кетті. e) елу төрт қша бөбектерді қазақ тілінде тәрбиелейді. 11. тәуелденіп септелген өздік есімдігін белгілеңіз. a) өзімнің кітабым столда жатыр. b) бейбіт анасының сөзін зейінмен тыңдады. c) ешкімнің ойыншығы емес. d) біздер каникулға шықтық. e) өзге жанды білмеймін.  12. сөйлемнен мезгіл үстеуді табыңыз. a) менің досым үнемі ойланып жүреді. b) жаздыгүні оқушылар демалысқа шығады. c) омар сабақта ауызша жауап берді. d) анам жұмыстан тез келді. e) далада кенет қатты жел тұрды.  ответьте !

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sDomenic
27.09.2021 04:43
Павлодарда үш кинотеатр бар: "Ертіс синема", Ш. Айманова атындағы кинотеатр және жаңа салынған "Фестиваль синема" кинотеатры. Менің ойымша олардың ішіндегі ең жақсысы - "Ертіс синема". Cебебі, онда жаңа "Dolby atmos" деп аталатын көпарналы дыбыс бар. Иә, бұл функция "Фестиваль синема" кинотеатрда да бар, бірақ осы кинотеатрда кино көрсететін залдары кіп-кішкентай."Ертіс синема" кинотеатры попкорн мен сусындарға шектеу қойған жоқ, ол басқа да тағамдарды сатады. Сондай қызмет көрсету басқа кинотеатрларда жоқ. Осы кинотеатрдың жанында парктар, жағалау, қоңақ үйі бар. Ол қаланың ортасында орналасқан, сондықтан адамдарға өте қолайлы нақ оған баруға. "Ертіс синема" - тамаша кинотеатр!
0,0(0 оценок)
Ответ:
lalaland5
27.09.2021 04:43

Қасқыр (лат. Canis lupus) — жыртқыш аң.Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері.Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.

Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі-түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы.Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған-мыс…Тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…Қасқыр — қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі.Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап таұрады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота