Экологиялық білім әр отбасынан басталуы тиіс. Балаға табиғат пен туған жеріне деген қамқорлығын, аяушылығын үйіндегі ата-әжесі, әкесі мен шешесі оятуы керек. Ол кісілердің өзі білімді болғаны абзал. Ата-бабаларымыздан қалған жерге немқұрайлы қарауға болмайды. Жерге тастаған қоқыс – өзімізге ауру болып жабысатынын түсінуіміз керек.
Қазіргі уақытта әлем бойынша қайтыс болатын адамның әрбір алтыншысы ауаның ластануы салдарынан өмірімен қоштасуда. Дүние жүзіндегі теңіздер мен мұхиттарға 15 миллиард тоннадан астам қоқыс тасталып, бұдан адамдар да, жан-жануарлар да зардап шегіп жатыр.
Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махаббаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.
Психолог Роберт Стернберг махаббаттың үшқұрамды теориясын алға тарта отырып, оның бірнеше формуласын ұсынады: романтикалық махаббат = құштарлық + ынтықтық, бауырмал махаббат = ынтықтық + адалдық, жасанды махаббат = құштарлық + адалдық.