Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың қасиеттері. Батырлар болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. Кішкентай балаға балалық шақтан отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірімше, ең басты, ең негізгі батырдың қасиеті - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халқына, ұлтқа деген сүйіспеншілік.
Мен бір билеуші туралы аңызды естідім. Бұл аңызда, кейіпкерге ауыр таңдауын жасау керек еді. Оның Отанына жау бас салады. Дұшпан қатігез болды және оның әкесін тұтқынға алады. Дұшпан талапты ұсынды: немесе ол жауға билікті береді, немесе ол әкесінен айырылады. Кейіпкер ұзақ ойлады... Егер ол билікті берсе, жау оның халқын құлдарға айналдыратынын, ол білді,. Ол өз халқын сақтап қалуды шешті.
Иә, бұл - аңыз. Бірақ ол бізді біртұтас халық болуды үйретеді, және ештеңе, ешкімді жасқанып қажеті жоқ. Біздің уақытымыздың батырлары - дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Дәрігерлер және құтқарушылар күнбе-күн көп өмірлерді сақтап қалады. Мұғалімдер балаларды оқытады, тәрбиелейді. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар! Біз оларға ашық мен зор денсаулық тілейміз. Олар соғысты, еңбектенді! Біздің ұрпақ осы адамдарға ұқсауы керек... Және, әрине, әр адамның ең басты, ең сүйікті батыры - бұл анасы. Ол өмірді сыйлады.
Ең бастысы - өзі үшін өмір сүру емес, Туған Жер үшін өмір сүру.
Сәттілік
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.[1]
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.