«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
Тұңғыш Президент күнін тойлау қажет.
П - Менің ойымша, Тұңғыш Президентіміз мемлекетіміздің бірлігін, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен.
О- Оның себебін былай түсіндіремін: 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміз алғаш рет бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде өзінің тұңғыш Президентін сайлап алғаннан басталған болатын. Сондықтан да, бүгін Қазақстан Республикасы өзінің Тұңғыш Президентін сайлаған күн - Мемлекеттік мереке күні болып бекітілді.
П- Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: 1990 жылдың сәуірі - Н.Назарбаевты Республика Президенті лауазымына тағайындау, 1990 жылдың қазаны - Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация, 1991 жылдың тамызы - Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және Республикалық егемен алтын-валюта қорын құру, 1991 жылдың желтоқсаны - алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау.
С- Осыған байланыс мынадай қорытынды шешімге келдім : Біз Тұңғыш Президент күнін тойлауымыз қажет