бабадан қалған асыл сөз: қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлар мен қанатты сөздері. қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта ұлы даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данашпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге өсиеттері, қанатты сөздері, сондай ақ отан туралы, тіл туралы жыр толғаулары мен өлең, дастандарынан алыңған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған
«Емханада» диалог.
- Қайырлы күн!
- Сәлеметсіз бе! Қандай шағымыңыз бар?
- Мен қанды талдауға тапсырғаннан кейінгі қайтадан тексерілуге келдім.
- Жақсы, тегіңізді айтып жіберсеңіз?
- Тегім Омаров(а).
- Таптым. Қан талдауы дайын екен. Екі көрсеткіш жоғарылап тұр екен. Кәне, қан қысымыңызды өлшейік.
- Жақсы.
- Қан қысымы сәл жоғарылап тұр екен.
- Ол қауіпті емес пе?
- Жоқ, уайымдамаңыз. Қазір сізге тиісті ем - шара мен дәрі - дәрмектің тізімін жазып берейін. Осы ем - шарадан соң тағы тексерілуге келіңіз.
- Жарайды.
- Міне. Бұл дәрілерді тегін өзіміздің әлеуметтік дәріханамыздан алсаңыз болады. 2 қабат 203 кабинет.
- Көп рахмет, дәрігер мырза.
- Ем болсын! Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!