Суреттегі балалар ағаш отырғызып, сол ағаштарды суарып жатыр.
1-суретте
Жұлдыз гулдерге қарап,отырғызып жатыр.
2-суретте
Абылай мен оның әкесі Сұнқар ағаш егіп, сол ағаштарға су құйып , суарайын деп жатыр.
3-суретте
Абылай талдарға су құйып , суарып жур
4-суретте
Әкесі Сұнқар тал немесе гул отырғызайын деп жатыр ..
2-сурет
Абылай: Әке біз қандай ағаш отырғызамыз ?
әкесі Сұнқар: Қандай отырғызғын келеді?
А:Мумкін,алма ағашын отырғызамыз
Әкесі: Жарайды , бірақ сен оны кунде суаруды ұмытпа!
А: Жарайды , әке
Б. Момышұлы даңғылы. Бұрынғы атауы 13-магистральды автожолы. Б. Момышұлы даңғылы Сарайшық көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. М. Жумабаев, Тәуелсіздік даңғылдарын және Қызыларай, Сырымбет, Қордай, М.Төлебаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 3958,7 м.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңгы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Мәскеу», «Үшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.