Аня8785
12.06.2020 02:11

Тапсырма. мәтінді оқы. такырып кой. мәтіндегі сын есімдерді тап.
сәлем, майкл! қалың калай? бразилияда өткен оқушылардың ха-
лықаралық ғылыми жұмыстар байқауында танысқанымызға да бір ай
болыпты. хатыңды алдым, көп рақмет. қазақстан туралы көп білгің ке-
летінін жазыпсың. саған өзімнің туған жерім туралы айтып берейін.
ауылымыз тарбағатай тауының етегінде орналасқан. тарбаға-
тай — қазақстанның оңтүстік-шығысы мен қытай аумағындағы тау
аулымыздың табиғаты да ерекше. қыста күн суық, қар қалың жауады.
сондықтан қыста шаңғы, шана тебеміз. жазда салқын, бірақ шілде, та-
мыз айларында күн ыстық болады. таудан самал жел соғып тұрады.
менің үйім таудың етегінде. есіктің алдында алма, алмұрт, сары ерін
және т. б. жеміс ағаштары өседі. жазда бүлдірген тереміз. қазақстанға
қыдырып кел. біздің елдің табиғаты тамаша! жақсы тынығып, демаласын,
сенің тұрған жерің қандай? хатыңды асыға күтемін.
сәлеммен әлібек.
переведите ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
1ЛиКа6
02.05.2020 11:36

Зар заман – тарихи кезең.

Көгінде қыран қалықтап, жерінде түйесі боздап, жылқысы құлындаған байтақ қазақ жері небір қан сасыған майдандарды өткерді. Ал қазақ елінің осынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткізу үшін бейнетті, терді, талай бейкүнә өмірді артқа тастады. Ел тарихында осындай айрықша тарихи кезеңдердің бірегейі – "зар заман" кезеңі.

Зар заман ақындарының алғашқы легі Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. Ал зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет М.Әуезов енгізген термин. Сол кез ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. "Неліктен "зар заман"? Ол кездегі жағдай қандай болды?" деген сұрақтарға біз жауапты Шортанбай Қанайұлының бір ғана "Зар заман" өлеңінен-ақ ала аламыз.

Ақын өлеңін "бисмілла" деп бастап көргені мен түйгенін жырлап әкетеді.

Дұрысын білмейтін надандардың басшы бола бастағанын, ақша деген дүниенің шыққанын, байлардың ұрлық жасап, билердің парақор болғанын, бір-бірлерін көре алмай, орыстарға жем болатынымызды, егесетін, әдесіз қыз бен жігіт шыққанын, барлығының ойлағаны мал және бұрынғы заман қайта келмейтінін айтып күйінеді. Осыдан-ақ сол кезде расында ел ішінде үлкен өзгеріс пен жаңашылдық болып жатырғанын көреміз. Ш. Қанайұлының ойын жалғастыра көптеген ақындар да сол заманды өз өлеңдеріне арқау етті.

Әлбетте, қазіргі заман бұдан әлдеқайда тыныш, бейбіт. Бірақ сол кезеңнің қалдықтары да жоқ емес. Игі жақсыларымыз, ұлт жанашырлары саны ғана емес сапасы жақсы болса, әлеуметтік жағдай одан әрі жақсарары шүбәсіз.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
kanony
05.07.2020 05:58
Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көп айтылып жүр. Әрине оның пайдасы көп пе зияны көп пе? Менімше, қандай да бір зат мөлшерден тыс қолдансаң зиян, ал қажетті мөлшерде қолдансаң пайдалы. Сол сияқты компьютердің де пайдасы аз емес, ол заманауи ақпараттар көзі, онсыз біз өмірді елестете алмаймыз. Ол арқылы сабақ үйренеміз, тіл үйренуге болады, үйде отырып төлемдер төлеуге, жол жүретін болсаң билеттер сатып алуға мүмкіндігің бар. Интернет магазиндерден қалаған затыңды сатып аласың. Алыстағы достарыңмен хабарласасың. 
Ал, зияны оның алдында көп отырсаң, денсаулығыңа, көзіңе зиян. Қажет емес ойындарға үйір болсаң, онда компьютрге бағынышты болып, дүниені ұмытасың. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтап, тек өз пайдаңа ғана қолдана біл, ол кезде ешқандай зардап шекпейсің. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота