1/10 бөлігі қалады
Шығару жолы:
1/2+1/5+1/5=5+2+2/10=9/10 (барлық құйып алынған бөлікті қосамыз)
10/10-9/10=1/10 (бөлімі 10 болғандықтан шыққан санды 10/10 бөлшегінен азайтамыз)
Объяснение:
Жай ғана мысалмен көрейік
Мысалы, 1 л (1000 мл) сүт бар делік,
оның 1/2 бөлігі - 500 мл
оның 1/5 бөлігі - 200 мл
оның 1/5 бөлігі - 200 мл
сонда 500+200+200=900 мл
1000-900=100 мл, бұл 1000 мл сүттің 1/10 бөлігі
Егер 2л (2000 мл) болса, осылай шыға ма, тексерейік:
1/2 бөлігі - 1000 мл
1/5 бөлігі - 400 мл
1/5 бөлігі - 400 мл
сонда 1000+400+400=1800 мл
2000-1800= 200 мл, бұл 2000 мл сүттің 1/10 бөлігі
Сонда неше литр болса да ыдыста қалған сүт бастапқы сүттің 1/10 бөлігі болады.
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті