BifLee
04.04.2022 22:57

Дайте краткое содержание фильма жеруйык ! 30

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
enderrock84
08.10.2020 11:08

«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм.Бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді.Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі  ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота