Artemis45677654
10.03.2021 03:00

Жұпта «отан отбасыннан басталады» тақырыбына диалог құрастырыңыз. тыңдалым мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерінқолданыңыз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mikhaillukashc
12.01.2022 04:24

1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері

Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alan1987
24.11.2022 23:29

Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.

1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты ба з бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі­метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.

Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота