ответ:Болашақ ғаламат, келешек ғажайып... Естіген құлақтың өзіне ерекше жағымды әсер сыйлайтын сөздер. «Болашақ» деген сөзді тамсанбай, жай айту мүмкін емес. Бәлкім, қанымызда бар қасиет шығар. Бірден көз алдымызға сағымдай бұлдыратып, әр нәрсені елестете бастаймыз.
Әркім – өз өмірінің суретшісі. Сондықтан да әр тұлға өз болашағын өзінше керемет қып суреттейді. Таңның атысы, күннің батысы төрт түліктің соңында жүрген ескі қазақ «өз қолы өзіне жеткен өмірді» аңсаған болар. Табаны тоз-тоз боп, «Елім-айлап» босып жүрген қазақ жауды жайпап, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды тәтті қиялымен елестеткен болар. Көзі ашылып, көкірегі ояна бастаған зиялы қазақ азаттық, теңдік алар күнге үмітпен қараған болар... Біздің бабаларымыз не қиындық көрсе де, болашақ ұрпағы үшін шыдап, кейінгі буын інілер келіп, жаңа толқын келіп, заманды түзер деп тілек етті емес пе? Ендеше, сол күн туды. Азаттықтың ақ таңы атты! Күні ертең тарихтың бетіне жазылар өтпелі бүгіннің көшіне, үміт еткен жастар, біз шықтық. Бүгінгі біздің ісіміз болашақтың бастауына айналмақ.
Объяснение:
Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.