Ей, Астана! Сен деген туған елдің жүрегісің, Өзінен бастау алар өрелі ісім. Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен, Бәрінен бірегейі, бөлегісің. Астанам – асқарымдай көрінесің, Өлең боп көкірегімнен өрілесің, Бойыма рух беріп тұрғаннан соң, Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім Домалап қазағымның өрге тасы, Думанмен дүрілдесін аспан асты. Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, Асқақтай бер, елімнің Астанасы