Переведите текст на ! ) бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.ақ тиін жалынып: - мені жеме, жібер? – дейді.- жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер? сонда ақ тиін: - мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. қасқыр ақ тиінді босатады. ақ тиін ағаш басына шығып алып: - сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. сондықтан әрқашан қапалы жүресің. біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.