Арыслан мен Дамир сабақтан қайтып келе жатыр. -Арыслан, сен білесің бе, менің атам еңбек ардагері? -Еңбек ардагері деген кім? -Меніңше, соғыс ардагері сияқты шығар? -Мен олай ойламаймын... -Арыслан ендіше жүр біздің үйге, атамнан жақсылап сұрағымызға жауап алайық. -Жүр кеттік, Дамир. -Ата, Ата -Асалаумағалейкум, ата! Қал-жағдайыңыз жақсы ма? -Уағалейкумассалам, қарағым! Шүкір жақсымын. Сен осы Асылбайдың немересі емессің ба, түрің ұқсап тұр. -Иə, ата. Мен Асылбайдың немересімін. -Ата, еңбек ардагері деген кім? -Еңбек ардагері-өзінің маңдай терісімен, адал еңбекпен халқына пайда келтірген адамға берілетін атақ қой. -Сонда ол, соғыс ардагері сияқты ма? -Екеуінің де ұқсас жері бар. Екеуі де халқы үшін тырысып, барын салады. Айырмашылығы біреуі қан майданда алысады. Екіншісі еңбек майданында. -Ата, сіз еңбек майданында жеңіске жетіп, еңбек ардагері дегенге ие болдыңыз ғой, иə?! -Солай, десе де болады, шырақтарым! -сіз сонда еңбек майданында қандай қызмет атқардыңыз? -мен егіншілікпен айналысқан дихан болып қызмет атқардым. Мол түсім алып, халқымды қуаттандырдым. Солай, еңбектің наны тəтті демекші, еңбегіме лайықты түрде марапаттады ғой. Жарайды, бастарыңды көп қатырмай сендер білім майданында алысыңдар. -Жарайды, ата, сау болыңыз! -Сау, болыңдар қарақтарым!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку